Балқаш көлінде жоғалып кеткен екі балықшыға туыстары іздеу салады. Фото

6 күн бұрын көлге шыққан балқаштық балықшылар іс түссіз кетті. Бүгінгі күнге дейін екі тұрғынның қайықтағы 200 келі балықтары, 20 литр бензиндері және қармақтары да табылмады. Құтқарушылар іздеуге қарқынды кіріскенімен, ауа райы кері әсерін тигізуде. Ал күн санап үміттенген балықшының туысқандары елден көмек сұрау үшін редакциямызға жүгінді. Көрген-білгендер болса хабарласса екен дейді.

Райся Хасанова 6 күннен бері көз ілмей, бауыры Тимур Бажбеновтің қалай із түссіз кеткеніне сене алмай жүр. Оның айтуынша, Тимур 5 жастан бастап жүзіп, балыққа атасымен бірге шығып жүрген. Көлде тәжірибесі бар жігіт дейді.

Райся Хасанова – Т.Бажбеновтің әпкесі
«Негізі Тимур жақсы жүзитін. Ол төтенше жағдай кезінде қайтсе де жүзіп, жағаға қиналып болсын жетер еді. Барлық балықшыларға айтарым көлде абай болыңыздар. Қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар».

31 жастағы Тимур Бажбенов пен 60 жастағы Василий Логаш 19 тамыз күні көлдің «Ақ тас» аймағынан шыққан. Моторлы қайықпен балық аулауға кеткен. Күн желсіз, тынық болғанымен сол беті үйге оралмапты. Құтқарушылардың айтуынша оларды біреулер көрген. Қайықтарында шамамен 400 келіні құрайтын балық, жанармай болған деседі.

 Дархан Куанбаев – ТЖБ судан құтқару бөлімінің басшысы
«24 тамыз күні желдің күшейуіне байланысты 9-11 м/с дейін көтерілді. Ауа-райына байланысты іздестіру жұмыстары 25-не дейін тоқтатылды. Іздестіру жұмыстары қайта жалғастырылады. «Арман» бау-бақша қоғамынан 8 шақырым  жерден бастап оңтүстік жағалауға дейін Корс, Тамар аралдарында іздеу жұмыстары жүргізілді».

Балықшыларды іздеу жұмыстары өткен сенбіден басталды. Сол күннен бері мамандар 1700 текше шақырым акваторияны аралап шықты. Өкінішке қарай нәтиже мардымсыз. Жел, қатты толқын іздеу жұмыстарына кері әсерін тигізуде. Ал, балықшылардың туыстары жақсылыққа үміттенуде. Көрген-білгендер болса 8 747 672 15 06 нөміріне хабарласса дейді.

Хабарсыз кеткен балықшы:
Тимур Бажбенов, 1986 жылы туылған. «Объ-3» қайығымен кеткен.
Соңғы рет «Ақ тас» аймағында болған.

Хабарсыз кеткен балықшы:
Логаш Василий, 1957 жылы туылған. «Объ-3» қайығымен кеткен.
Соңғы рет «Ақ тас» аймағында болған.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *