«Балқаш аруы-2018» байқауына өтініштерді қабылдау басталды

Сұлулар кезекті рет сынға түспек. 28 қаңтар күні шаһарда «Балқаш аруы-2018» байқауы өтеді. Үміткерлерден өтініштерді қабылдау бүгіннен басталды. Алайда, сұлулық байқауына қатысу үшін қыздар бірнеше талаптарға сай болуы керек. Біріншіден жасы 16 мен 25 аралығында болуы қажет. Бойы 167 см төмен емес, ал салмағы 60 келіден аз болуы шарт. Шашы ұзын, тұрмыс құрмаған қыздар байқауға қатыса алады. Сайыста сұлулар қазақтың ұлттық киімін паш етіп, қазіргі сән үлігісінде көрсетуі тиіс. Білімдерін көрсету үшін, ұйымдастырушылар дайындаған сұрақтарға жауап береді. Ал оған дайынмын деген арулар құжаттарын 23 қаңтарға дейін мәдениет сарайына апарып өткізе алады. Сұлулар сыны 28 күні сағат 3-те басталады. Толық ақпаратты 4-90-66 нөмірінен біле аласыздар.

Қорлан Күлейменова-Қалалық мәдени- сауық орталығының  директоры:««Балқаш аруы -2018» байқауына  16 мен 25 жас аралығындағы  қаланың  жас қыздары  қатыса алады.Байқау  қатысушаларының  ұлт ерекшеліктеріне  шектеу  жоқ.25  қаңтардан бастап  дайындық жұмыстары басталады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *