Балқаш әкімінің 80 жылдық мерейтой қарсаңындағы ауқымды сұхбаты

Балқаштың 80 жылдығына Президенттің орнына облыс әкімі келетін болды. Келер жылы өңірде суретке түсуге арналған пішіндер пайда болып, өңір заманауи технологиялармен жабдықталады.Оған қоса, 2018 жыл Қоңырат мөлтек ауданына арналмақ. Осы және өзгеде жоспарлармен қала әкімі бөлісті.

2017 жылдың аяқталуына бар жоғы үш –ақ ай уақыт қалса да, әліде атқаратын жұмыстар көп. Бүгінгі күнге дейін 11 автокөлік жолдар жөнделді. Жыл соңына дейін Иванов көшесі орташа жөндеуден өтіп, Ағыбай батыр көшесіне тротуар салынады. 10 жылдық бағдарлама аясында 2026 жылға дейін көшелерге брусчаткалар төселеді. Ал күрделі құрылысты қажет еткен бассейн желтоқсан айында ашылады. Оған қоса, жыл аяғында қаламызда селфи суреттері үшін түрлі пішіндер пайда болады.

Александр Аглиулин – Балқаш қаласының әкімі
«Қалалық жағалау жаққа балық ескерткіштерін орнатсақ дейміз. Суретке түсуге арналған пішіндер бюджет ақшасына емес, демеушілерді тарту арқылы жасатамыз».

 

Келер жыл Қоңырат мөлтек ауданына арналмақ. Бюджеттен бөлінген қаражат аудандағы саябақты қалыпқа келтіруге, жолдарды жөндеуге, тротуарларды төсеуге, спорттық алаңдарды тұрғызып, көшелерді абаттандыруға жұмсалмақ. Және де қала ішіндегі орталық саябақ жаңартылып, суару жүйесі іске қосылады. Мағауия Хамзин сарайының алаңына ағаштар егіледі.Балқаш толық заманауи смарт жүйеге көшеді.

Александр Аглиулин – Балқаш қаласының әкімі
«Смарт жүйе арқылы жолдарға көп функцияналды камера орнатылады. Көліктің жылдамдығын қадағалайды. Жол ережесін бұзған жағдайда бірден жедел қызметке дабыл түсіреді». 

Ал қала әкімі 80 жылдық аясындағы бірқатар құпиялардың бетін ашты. Мерейтойға Елбасы келеді деген сөз жалған болып шықты. Мерекенің басты қонағы облыс әкімі болмақ. Балқаштықтар үшін ресейлік және отандық жұлдыздар өнер көрсетпек. Ал кім келетіндігі әзірше құпия. Ең қызығы қала күнінде ұшқыштар әуеде өнер көрсетіп, суға қайықтар жіберіледі.

 

один комментарий

  1. Ersin

    12/09/2017 at 18:10

    Жұмысшылар поселкесіне қашан көңіл аударады? Онда да адамдар тұратынына хабардар ма осы біздің Акимат?

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *