Балқаш қалалық прокуратурасына 80 жыл

Бүгін қазақстандық прокурорлар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. 1991 жылы 6 желтоқсанда елімізде қадағалаушы орган құрылған. Балқаш прокуратурасының тарихы да сол кезден бастау алады.

Қазіргі балабақша осыдан 10 жыл бұрын прокуратура ғимараты болған. Ал қадағалаушы орган Балқашта 1937 жылы құрылған. Сол жылы мысты шаһарға қала статусы берілген еді. Прокурорлар алдымен ІІБ отырды, кейін балаларға мектепке дейін білім беретін мекемеге ауысты. Уақыт өте келе қадағалаушы орган тұрақты, жаңа орынға көшті.

Тілші: Балқаш прокуратурасы бұл ғимаратқа 2008 жылы көшіп келді. Қаңырап бос тұрған бұрынғы банк мекемесіне ауысу сол жылдары қала прокуроры болған Алхайдар Асқаровтың бастамасы еді. Содан ғимарат жөнделіп, қадағалаушы орған қызметкерлеріне берілген.

Өкінішке орай, қаланың алғашқы прокурорлары жайлы мәлімет сақталмаған. Ақпарат тек 1941 жылдан басталады. Соғыс басталған кезде қала прокуроры болып Степнаков тағайындалады. Кейін оның орнына Паков келеді. Ал оны Валерий Дергунов ауыстырған. Ол бұл лауазымда 16 жыл отырады. Соғыс ардагеріне сіңірген еңбегі үшін прокуратураның құрметті қызметкері атағы берілген.26 жыл ішінде заңның орындалуын, сақталуын қадағалайтын органда көптеген өзгерістер болды. Құзыреті кеңейіп, құрығы ұзарды. Қазір арыз-шағымды электронды түрде жолдауға болады. Сондай-ақ онда тұрғындардың құқығын қорғау мақсатында шыныланған кабинет пайда болды.

Қанат Сәлімбаев – Балқаш қаласының прокуроры
«Жаңа заңға байланысты процессуалдық прокурор қызметі ашылды. Процессуалдық прокурор қылмыс қозғалғаннан бастап, аяқталғана дейін қатысып, ұйымдастырады.

Ал жыл басынан бері Балқашла 750 қылмыс тіркелген. Оның ішіндегі 450 аса ауыр емес. 100 ауыр және аса ауыр қылмыстар. Прокуратураның қарауына 210 іс келіп түскен. Сотқа соның 175 жолданыпты. Нәтижесінде 200 адам сотталды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!