Мемлекеттердің алғыс айту мәдениеті қандай

Бүгін халықаралық «Рақмет» күні. Яғни, жылдың ең сыпайы әрі жылулық күні деп атауға болады. Өйткені, разылық сөзі адамдарды бір-біріне жақындастыратын магиялық қасиеттерге ие дейді мамандар.
Ресей
Күнделікті өмірде жиі айтылатын сөздің бірі ол «Рақмет». Оны орыс халқы «Құдай сақтасын» дегенмен байланыстырады.Ресейліктер осылайша алғыстарын білдіріп, басын изейді. Не болмаса кейіпкердің қолын алады.
Жапония
Ал жапондықтар рақмет айту белгісін ерекше жасайды. Бұл ел бірі-біріне деген разылықтарын сөзбен қоса иіліп көрсетеді.Егер адамның дәрежесі жоғары болса, онда алғыс айтушы төмен қарай және бірнеше рет иіледі. Өйткені, жай ғана басты төмен ұстау рақметтің белгісі болып саналмайды.
Араб елдері
Бірақ Араб елдері «рақмет» сөзін кез-келген жерде қолданбайды. Мәселен, сый-сияпат бергенде алғыс білдіруге мүлдем болмайды. Әмірліктегі елдер разылықтарын тек қонақжайлықта айтады. Оған қоса, араб халқы үйге келген мейманға үш рет кофе ұсынады.
Үндістан
«Шукрия» үнді тіліндегі рақмет сөзінің мағынасы. Бұл халықтың өзіндік ерекшеліктері бар.Өйткені, үнділіктер мыңдаған құдайға құлшылық етіп, алғыстарын әртүрлі жеткізеді. Алайда, дінге берік бұл халық отбасы мүшелеріне рақмет айтуды жат деп ұғады.
Қытай
Ал Қытай елінің тұрғындары рақмет сөзін көп айтатын жандар болып саналады. Аспан асты елінің адамдары мейірім, көмек, ілтипат үшін рақметтерін жиі жеткізеді. Олар екі қолды жоғары көтеріп, қол қысысып рақмет дейді.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *