Бүгін барша мұсылман Қадыр түнін қарсы алады

Түндердің қайырлысы–қадыр түні. Бүгін барша мұсылман мың айдан қайырлы қадыр түнін қарсы алады. Ақшам уақытынан таң намазына дейін мешіттерде имандылық жайлы уағыз айтылып, құдайға құлшылық жасалып, намаз оқылады. Жалпы «Қадыр » сөзі арабшадан аударғанда «мән-мағына, рақым» дегенді білдіреді. Яғни, қадыр түнін таңғы сағат 4-ке дейін күтіп, Алладан күнәлардың кешірілуін тілеп, дұға етеді. Оған қоса, қасиетті бір түн 83 жыл құлшылық қылған  адамның сауабындай болмақ. Ал 24 маусым күні ораза аяқталып, 25, 26, 27 күндері айт басталады. Айт намазы  таңғы сағат 7.00 оқылады.

  Асылхан Түсүпов- наиб имам
«Кімде –кім Қадір түнін бос нәрсемен, өсекпен басқа да пайддасыз амалмен өткізген болса , 83 жыл өсек айтқандай, 83 жыл бос уақыт өткізгендей сауапты алады екен. Әлеуметтік желіде, бос уақыт өткізуден, ватсапта отырудан сақтанайық. Шама келгенше мадайымызды сәждеге тигізіп, құлшылық ғибадат қылып, Алладан кешірім , жақсылық тілеп қалайық».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *