Азаматтық некедегі әйелін соққыға жыққан балқаштық сотталды

Азаматтық некедегі әйелін ұрып-соққан еркек сотталды. Жарына күн көрсетпеген отағасы 2 жылға сотталды. Себебі, ол бұған дейін де сотқа тартылғандықтан бас бостандығынан айырылды. Белгілі болғандай, 30 жастағы еркекке әйелді ұру әдетке айналған. Сол үшін 2016 жылы 3,5 жылға шартты түрде сотталыпты. Оған қоса, сол жылы қоғамдық тәртіпті бұзып, ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Оған қарамастан, сотталушы биыл шілде айында әйелін көкала қылып тағыда сабап тастады. Ауыр соққыдан 32 жастағы келіншектің миы шайқалып, бас сүйегі зақымданған. Сондықтанда, әйелге қол көтерген еркек 2 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады.

Әділ Күлпеисов- қалалық прокуратураның прокуроры
Сотталушы өз жазасын мойындады.Барлық болған істі айтып берді. Оның бұрынғы тәртіп бұзушылығына берілген жаза мерзімі аяқталмағандықтан, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code