Қазақстан параолимпиада ойындарында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды

Алғашқы жеңіс! Қазақстан параолимпиада ойындарында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды. Оның иесі 44 жастағы қостанайлық Александр Колядин. Шаңғышы классикалық стильде 1.5 шақырымдық спринтте қарсыластарын артта қалдырып, мәреге бірінші болып жетті. Енді ол елімізге тарихи жеңіс әкелгені үшін мемлекеттен 80млн теңге сыйақы алады. Айта кетсек, Александр Колядин жас кезінде шаңғы спортымен айналысқан. Алайда, осыдан 20 жыл бұрын көлік апатына ұшырап, бір аяғынан айырылады. Ол елміздің параолимпиада командасына енбес бұрын, ақшаға отын шауып, ағаш кесіп  пайда тауып жүрген. Спортқа қайта оралған соң алғаш рет Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарына қатысты. Ол кезде 13-інші орынды иеленді. Ал бұл жолы бағы жанып, Кореяда көк туымызды желбіретті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать