Қазақстан облыстары Астанаға сый жасауда

Ару  қалаға тарту!  Еліміздің   облыстары  Астананың 20 жылдығына арнап  құны  қымбат,  көлемі  ірі түрлі  сый  жасауда. Мәселен,  мерейтойға орай  Шығыс   Қазақстан облысы   Елордаға Ботаникалық  саябақ  тұрғызды.  Құны  1  миллиард  болатын  демалыс  ошағындағы    музыкалық  фонтан  Қазақстандағы  ең   үлкені  болып табылады. Ал Алматы   қаласы  Астанадан  250 орынды  балабақша мен алмаға  толы  саябақты  салып берсе,  мұнайлы қала  Атырау үлкен  көпірді тұрғызды. Жаяу  жүргіншілерге  арналған  жол  балық  пішіндес. Есілдің  оң мен сол жағалауын  жалғайды. Ұзындығы  313 метр.Құны  6 миллиард  теңге. Ммұндай сыйдан  қарағандылықтар да    құр қалмады.Біздің өңір бас қаланың 20 жылдығына арнап  «Қазақ еліне мың алғыс» деп аталатын  репрессия  жылдарына арналған  монументті    тарту  етті.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *