Балқаш маңында жолаушы тасымалдайтын автобустан өрт шықты

Қоғамдық көліктегі жолаушылар тілсіз жаудан аман қалды. Алматы-Екатеринбург тас жолында қалааралық автобустан өрт шықты.Бірақ,абырой болғанда 13 жолаушы мен жүргізуші зардап шекпеді. Оқиға шаһардан 25 шақырым қашықта болды. Түнгі сағат 2-де рейстік көлік Астанаға кетіп бара жатқан. Оны байқаған жүргізуші бірден тоқтап тексерген. Мамандарға қоңырау шалған. Алайда, оларды күтпей өз күшімен өртті ауыздықтады. Анықталғандай, капот ішінде қысқа тоқтар тұйықталып, оның ұшқыны қозғалтқыштың фильтіріне түскен.

Исламбек Кәрібеков – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің аға инженері
» Автобустың жүргізушілері өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндіріп үлгерген.Автобуста 13 жолаушы болды.Жол патрульдік полициясымен бірлесіп 13 жолаушыны басқа автобусқа Қарағанды қаласына отырғызып жібердік».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!