Автобус пен жеңіл көлік соқтығысу салдарынан үш адам зардап шекті

Балқаш тас жолында қоғамдық автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан үш адам зардап шекті. Қазіргі  күні ішіндегі  екеуінің  денсаулығы өте ауыр. Жол көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 4-те Алматы –Екатеринбург тас жолының 67 шақырымында болды. Шамамен  Гүлшат  кенті  маңында «Шымкент-Астана» бағытындағы  автобус  иномарка  көлігіне қарама-қарсы  соғылды. Абырой болғанда, қоғамдық көлік  ішіндегі  жолаушылардың барлығы  аман. Бірақ,  жеңіл көлік  майысып, ішіндегі үш адам зардап шекті. 61 жастағы әйел мен 28 жастағы  жігіт  қалалық ауруханаға  ауыр хәлде жеткізілді. Ал тағы 56 жастағы  еркек түрлі  дене жарақаттарын алды.

Қуат Хайдаров – медицина және апат орталығының жетекшісі

«61 жастағы  науқастың хәлі өте  ауыр. Есін әлі жия  алмай  жатыр. Білегі  сынған. Ал 28 жастағы жігіт үшінші санаттағы  травматикалық шок алған. Бірнеше дене жарақаттары бар»

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *