Ауласында есірткі дайындайтын өсімдік өсірген балқаштық сотталды

Балқашта өз ауласында қарасора өсірген азамат сотталды. Жеке үйлердің бірінде тұрған 43 жастағы ер адам есірткі дайындайтын 230 түп өсімдік өсірген. Бұл дегеніміз 2.5 келі марихуана.
Сот отырысында күдікті өсімдіктің бұл түрін өзінің жеке қажеттілігі үшін өсіргендігін айтып ақталып бақты. Судья оның 2 топ мүгедегі екенін және бұрын соңды қылмыс жасамағанын ескере отырып оған 5 жыл шартты мерзім тағайындады. Ал тәркіленген есірткі шөбінің көзі жойылды.

 Мадияр Игенов – Қалалық прокуратураның прокуроры
«Қылмыстық кодекстің 63 бабын қолдана отырып бұл жаза шартты түрде берілді. Мұндай жеңіл жаза оның денсаулығына байланысты және өзінің кінәсін толық мойындауына байланысты».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code