Қарағанды облысының тұрғындары сирек ажырасатын болған

Қарағанды облысының тұрғындары сирек ажырасатын болған. Биыл 2106 шаңырақ шайқалса, 2017 жылы 2000 отбасы некелерін бұзған. Яғни 100 жағдайға аз. Облысымызда керсінше шаңырақ көтеріп, үйлі болушылардың саны артып отыр. Осы жылы 3300 жұп  жанұя құрған.Үйленген ерлер қауымының 33 пайызы 25-29 жаста болса, әйелдердің 40 пайызы 20-24 жасында тұрмысқа шыққан. Сондай-ақ 18 жасқа томай отбасы болғандарда бар. Биыл  кәмелеттік жасқа келмеген 4 жігіт  және 118 қыз некеге тұрған. Махаббат жасқа қарамайды деп 60 тан кейін үйленгендерде бар.  Осы жылы 280 қарт шаңырақ көтеріпті. Балқашта да ажырасқандар қатары аз.  2018 жылдың 6 айында 164 жұп айырылысса, өткен жылы 176 отбасының шаңырағы шайқалған. Керсінше үйленгендер көп. Қаңтардан бастап маусымға дейін 283 той жасалған. Ал 2017 жылы 228.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *