Қалалық оқушылар сарайы үйірмеге қатысушы балаларды қабылдайды

Осы жексенбіде ата-аналар оқушылар сарайындағы барлық үйірмелермен танысып, ұнағанына баласын жаздыра алады. 16 қыркүйекте онда ашық есік күні өтеді. Жалпы саны 48 үйірме бар. Олардың тізімі төменде көрсетілген. Сонымен балалар биге, гимнастикаға қатыса алады. Сурет салудың қыр-сырын үйреніп, вокал сабағында ән айту қабілетін одан әрі дамытуға болады. Сонымен қоса оқушылар сарайында домбыра, фортепиано, гитара секілді түрлі аспаптарда ойнауды меңгертеді. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын үйретеді. Қыздарды қолөнерге бейімдеп, ұлдарды робот, кеме, ұшақ жасауға баулиды.Стоп-кадр балалар телестудиясы мен жас тілші клубы бар. Үйірмелермен танысып, оған жазылу 16 қыркүйек күні, таңғы 10:00 да басталады. Керекті құжаттар тізімі туу туралы куәлік көшірмесі және педиатрдан баланың денсаулығы туралы анықтама.

Алла Кузьмина-оқушылар сарайының бөлім меңгерушісі:»Бізде үйірмелер өте көп, ата-аналар осы жексенбіде келіп, әрқайсымен таныса алады. Балалар 5 жастан бастап қабылданады. Бізде тек би және аспаптар үйірмесі ақылы, қалғандары тегін жүргізіледі».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать