Қала көшелерін аралап жүрген жылқылардың иесі табылды

Балқашта мемлекеттік мекемелердің ауласына кіріп,орталық аурухананың маңайын торлап,  елдің тыныштығын алған 4 жылқының иесі табылды. 2 апта уақыт өткеннен кейін жануарлардың кміге тиесілі екені анықталды.

Қалада жайылып жүрген жылқылар балқаштықтарды біраз шулатты. Оларды бірінші болып  17 кварталдың тұрғындары байқаған болатын. Таңғы уақытта аулаға келге жануарларды пәтер иелері  фотоға түсіріп алған.

Елена Дымова — қала тұрғыны

«Таңертең жылқылардың аулада жүргенін көріп таң қалдым. Ештеңе бүлдірмеді. Бірақ тұрғындарды шошытты.

Одан кейін жылқылар орталық аурухананың маңын жайылымға айналдырды. Күзетшілер оларды қуып шығарғанмен, олар қайта айналып келуді әдетке айналдырған.

Нұрсұлтан Бейсекеев-орталық аурухана күзетшісі

«Біз мал иелеріне ескерту жасаймыз. Бұл орталық аурухана мал жайылатын жер емес. Өйтпеген жағдайда біз өз тарапымыздан шара қолдануға мәжбүрміз. Күнделікті 4 жылқы, ешкі лағымен жүреді».

Анықталғандай жануарлар Балқаш тұрғынына тиесілі болып шықты. Ол жылқыларды Ақтоғай ауданынан сатып алып, Орта Дересінге жеткізген. Алайда, олар қашып қалаға келіпті. Ал иесі төртаяқтыларды жаңа мекен-жай бойынша тіркемеген. Жануарларға соғылған белгі олардың бұрыңғы қожайынға тиесілі екенін көрсектен. Соңында жылқыларын іздеген балқаштық қалалық ветеринарлық бөлімге өзі келген.

Самат Молдаханов – қалалық ветеринария бөлімінің жетекшісі

« Бір ауылдан қалаға, қаладан ауылға алып келген малдарды осы жерде есепке қою керек. Сонда біз малдың дені сау екенін, егілгенін  біліп отырамыз.

Жануарлардың иесі жылқыларын бүгін алып кетті. Заң бойынша мұндай жағдайда қандай да бір жауапқа тарту қарастырылмаған. Деседе, 2019 жылдан бастап әкімшілік кодекске өзгеріс енбек. Содан кейін полиция қызметкерлері жануарлар иелеріне айыппұл салып, жазалауға көшеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать