Айыппұл төлемегендер темір торға қамалады

shtraf

Тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұлын төлемей жүрген балқаштықтарды темір торға тоғытуда. Осы айда бір тұрғынды 2 тәулікке қамауға алған. Алайда, олардың тізімі толығуы мүмкін. Себебі борышкерлердің жалпы саны 2000-нан асады. Ал, олардың қарызы 21 млн теңге. Алайда, соның тек 8 млн ғана қазынаға түскен. Түрлі ережені бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарға салынған айыппұлды төлеуге 1 ай уақыт беріледі. Бұл мерзімді күтпей-ақ, 7 күнде қарызыңыздан құтылсаңыз, 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Ал, 30 күннен асатын болса, борышкерлердің ісі сотқа жіберіледі. Және олар 5 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *