Ахметжан Сармантайұлы. Балқаш картасындағы ұлы есімдер. Видео

Бұл есті қазақтың есін кетірген атақты «58- статья» күйі. Халықты қайраттандырған күй Кеңес өкіметі үшін аса қауіпті қаһарлы ызғарлы тұғын. Себебі, өр мінезді , қайсар азаматтың бұл туындысы «Оян қазақ» деп ұрандаған күйі халықтың ыза кегін оятты. Иә, бүгінгі хабарымыз осы туындының авторы –Ахметжан Сармантайұлына арналады.

Ахметжан Сармантайұлы- саяси қуғын сүргін құрбаны. Алашқа танылған өнер иесі туралы бүгінгі күнге дейін нақты ақпарат жоқ. Деседе, ел ішінде 1860 — жылдар шамасында қазіргі Қарағанды обл, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Атасы — Байзақ батыр. Әкесі — Сармантай ел билеген болыс болған.

Арғын тайпасының үлкен руы – Тобықты-Мандардан тараған Сармайтайдың Ахметжанында — Бөлтекей, Хадиша, Панария есімді үш әйелі болған. Олардан 7 ұрпақ тараған. Тұңғыштарының есімі Қасым және кенжесі Рахметолла.

Ал өз еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, зарлы ашуын күйімен жеткізіп қана қоймай, халық көтерілісінің көш басында жүріп зардап шеккен азамат «58- статья» күйі  үшін ату жазасына кесілген. Міне, сол кездерден бастап Ахметжан Сармантайұлына қатысты барлық құжаттар, фото суреттер жоғалып кетті.

Сапар Ахметжан- А. Сармантайұлының немересі

«Бұл кісіні 30 жылдары алып кетті. 30 жылы содан атылған уақытта9 сентьябрь. Соның барлығы мұнда жазылған.Көрсетті. Біз айттық.. көрдік…». 

Бірақ, кейіннен Ахметжан Сармантайұлының жазықсыз екендігін толық дәлелденді. Содан бастап оның күйлері шырқала басталды .Оның үстіне Балқаш қаласындағы бұрынғы Садовый 2 көшесі-1999 жылы дәстүрлі күйшінің есімімен өзгертілді.

Ал қазіргі күні бұл көшеде дәстүрлі күйшінің ұрпағы,немересі Сапар Ахметжан тұрады. Ол бұл атақты алу құжаттарды өзі жүгіріп, өзі жинаған.Тіпті көшенің аты жазылған тақтайшаларды өзі ілген де көрінеді.

Сапар Ахметжан- А. Сармантайұлының немересі
«99 жылы қарап бұл кісіге көше берді. Содан бері міне 17 жыл болды». 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *