Ағыбай батыр мен Рысқұлов көшесінде екі көлік соқтығысты

Айтып  келмейтін  апат.  Бүгін  Ағыбай  батыр мен Рысқұлов  көшесінде  екі  көлік  соқтығысты. Жеңіл автокөлік пен  минивен  арасындағы   қақтығыс   күндіз  болды. Түскі екінің кезінде минивен  көпірден түсіп, Ағыбай батырмен Рысқұловқа  бұрылмақ болады. Сол сәтте  Рысқұловтан шыққан  Тайота  оң  жақ  бүйірге  соғылған. Салдарынан   қара  иномарканың  алды  майысып, терезесі  сынып,  жүргізуші  жарақат алды. Оны   жедел  жәрдем алып  кетті. Ал Минивен иесі аман.  Қазір  кім  кінәлі екендігін анықтау үшін  сараптамалық  жұмыстар  басталды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *