Ақтоғай ауданына көктемгі су тасқынынан қауіп жоқ

Ақтоғай ауданына көктемгі су тасқынынан қауіп жоқ. Өйткені, былтырғы жылдарға қарағанда Тоқырауын өзен ағысының биікті биыл төмен. Мәселен, соңғы жылдары су 3-4 метрге дейін көтерілсе, қазір 60 сантиметрді құрайды.Осындай мәліметпен Ақтоғай ауданының әкімшілігі бөлісті. Қазіргі күні қар еріп, арнадан су ағуда. Алайда оның барлығын төтенше жағдай мамандары күн сайын мұқият қадағалап отыр. Оған қоса, биыл Тоқырауын өзенінің жағалауын тереңдету жұмыстары қолға алынды. Ақтоғай ауданына қарасты су келеді деген 12 елді-мекенге қаптарға салынған құмдар дайындап қойылды.Үлкен ауылдарға 1000 қаптан, кішілерге 500-ден үлестірілді.Сондықтан, қызыл судан қорғану шараларына Ақтоғай ауданы дайын.

Қайрат Қошантаев-Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары
«Бұрыңғы жылдардағыдай қауіп жоқ деп айтуға болады.Ақтас, Тоқырауын өзенінің бойы кешеден бері жайлап жүрді.Бізде 12 елді-мекені бар ауылға су кіреді деген .Сол елді-мекендердің үлкендеріне 1000 қаптан, кіші елді-мекендерге 500 қаптан дайындап қойдық.Оның құмы мен қабын жеке-жеке.Егер болған жағдайда, су келген жағдайда дайынбыз баруға ».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать