500-ден аса балқаштық бала мектеп асханасында тегін тамақтанады

500-ден аса балқаштық бала мектеп асханасында тегін тамақтанады. Ол үшін мемлекеттен арнайы қаржы бөлінген. Жыл сайын бұл мақсатқа миллиондаған ақша бөлінеді. Ал сол қаржыға оқушылар қандай ас ішіп жүр?

Аспазшылар асханада таңғы 6-дан бастап жұмысқа кіріседі. Таңғы 9- ға дейін нан илеп, қамыр жазып, бәліш, самса секілді түрлі тәтті-дәмдіні пісіріп үлгерулері керек. Мұнда барлығы санитарлық стандартқа сәйкес. Маргарин, мойенез секілді заттарды қолдануға тиым салынған.

 Гүлмира Маханова – кондитер
«Бірінші кіре сала коржик дейді ғой, соны пісіреміз. Одан кейін пирог, самса пісіреміз. Күнделікті өз қолымыздан шыққан тәтті-тағам беруге тырысамыз». 

Ас мәзірі күн сайын өзгеріп отырады. Мысалы бүгін 15 — мектептің асханасында ыстық тамаққа балықтан жасалған котлет пен езілген картоп болса, ертең бұл ас қайталанбайды. Оған 50 грамм нан мен 100 грамм салат және 1 стақан сусын қосылады. Барлығы 250теңге. Деседе, мұндай ас кей оқушылар үшін тегін.

 Ольга Садвокасова – білім бөлімінің бас маманы
«Тегін тамақтану» әр мектепте қарастырылған. Ол үшін бізгеата-ана тиісті өтініш жазып, құжаттарын өткізеді. Егер өтініштері қанағаттандырылса онда балалары ақысыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі».

Ақысыз ыстық тамақ қамтылғандар, олар аз қамтылған отбасы балалары мен ата-ана қамқорлығынан айырылған бүлдіршіндер. Қазір қала бойынша олардың саны — 500 бала.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code