4 жастағы балқаштық балаға көмек қажет

Көмек керек. 4 жастағы Ислам Тұрсынның көзіне ота жасауға қаржы қажет. Бүлдіршін туғаннан көз жанарынан айырылған. Осы уақытқа дейін, 3 рет операция жасалыпты. Нәтижесіне баланың көру қабілеті 8 пайызға жақсарған. Деседе, енді тағы бір ота қажет. Ресей елінің хирургтары Исламды Санкт Петербург қаласына шақырып отыр. Бала көреді деген үміт бар. Бірақ, операция жасау, ем қабылдау ақылы.

4 жастағы Ислам бұл ойыншықтарды көре алмағандықтан, олардың дыбысын ұнатады. Бала 6.5 айлығында 800 гр болып туылған. Содан анасы екеуі ауруханада 3 ай жатыпты.  Ал кенжесінің көзі көрмейтінін ата-анасы тек 9 айында ғана білген.

Алмагүл Ысқақова-Исламның анасы

«Біз өзіміз байқамадық. Туыстар баланың көзі көрмейтін сияқты деп айтқанда шыны керек қатты ашуланатынмын. Кейін дәрігерге көрсеткенде олар күдігімізді растады. Балқашта 1 көзі көрмейді деген, Қарағандыда екі көзі де көрмейді деді «.

Содан бері Алматы қаласында 3 операция жасалды. 2016 жылы болған соңғы отадан кейін Ислам 8 пайызға көре бастаған. Қазір анық болмасада, заттарды ажырата алады.

Ендігі үміт Ресей елінің  хирургтарында. Баланы қараған мамандар көру қабілетін жақсартуға болатынын айтып, Санкт-Петербургқа шақырған. Ислам мен ата-анасы 22 қаңтар күні сонда болулары қажет. Жолға қамданып, билет те сатып алып қойған. Алайда,ақша  жағы қол байлау болып отыр.Операция мен ем-домға млн аса қаржы қажет.

Қабылбек Иманбеков- Исламның әкесі

«Ақшадан қысылып отырмыз. Жомарт жандар көмектеседі деп ойлаймыз. Баламның өзге балалар секілді жүгіріп, секіріп ойнағанын қалаймын. Бар тілегім сол».

Бұл отбасында тек Исламның әкесі ана жұмыс істейді. Ал анасы бала күтімімен үйде отыр. Егер, мейірімділік танытып, қайырымдылық жасаймын десеңіз 8775 351 54 46 немесе 8701 669 59 42 нөміріне хабарласуға болады.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *