4 бала поезд астына түсіп мерт болды

Жыл басынан бері Қазақстанда 4 бала поезд астына түскен. Ең кішісі 2 жаста.Соңғы оқиға өткен аптада Қарағандыда болды. 11 сынып оқушысы қаза тапты. Осы жайтты ескерген Балқаш бекетінің және локаматив депосының мамандары бүгін оқушыларға теміржолдан қалай дұрыс өту керектігін түсіндірді. Түрлі роликтер көрсетіп, ережелер жазылған үндеу парақшаларын таратты. Жыл басынан бері поезд жүргізушілері адамды басып өтпес үшін  700 рет шұғыл тежеу тетігін қолданған. Алайда, 17 жағдайда қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Жапа шекендердің арасында 4 бала бар.

Рашид Темірбаев-Балқаш станциясының еңбек қауіпсіздігі бойынша инженер-технологы

«Локомотив вагондарға жақындауға болмайды. Вагондардың астынан өтуге болмайды. Оқушылар сСтанциядан келіп осы Абай мектебінде оқиды. Біз сол үшін осы теміржол мамандары осы  мектепке және 17 мектепке барып, темір жол бойында ойнауға болмайтындығын балаларға түсіндірдік.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать