Балқашта 21 сәуір күні облыстық сенбілік өтеді

Қалалық әкімдік барша балқаштықтарды таза қала акциясына қатысуға шақырады. Көктемгі екі айлық аясында 21сәуір күні жалпы облыстық бірінші сенбілік өтеді. Санитарлық тазалық шарасы таңғы сағат 10-нан басталады. Оған 200-ден аса мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлер, оқушылар қатысады. Қалалық әкімдік осы іске тұрғындарды да атсалысуға шақырады. Үй ауласын қоқыстан тазартып, әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізуге үндейді. Сонымен қатар, сенбілік барысында мәдениет сарайының артындағы саябақ пен көл жағалауындағы демалыс ошағы маңына көшеттер отырғызылады.Жалпы биыл бір  мың  түп ағаш-талды егу жоспарда бар. Және  бірінші   облыстық   сенбілікте  оның 400-ін егетін болады.

Ал  21  сәуір   күнтізбеде  бүкіл қазақстандық ағаш  отырғызу  күні  болып белгіленген.  Сондықтан сенбіде   еліміздің  барлық    өңірінде   ағаштар  отырғызылатын  болады. Айта  кетейік,  былтыр    Қарағанды облысы  бойынша  30  мың  түп тал егілген  еді.

 Нұрболат Бөлеген- ТКШ бөлімінің жетекші міндетін атқарушы
«Қазіргі таңда талдарды отырғызатын орындарын анықтадық. Талдарды отырғызғаннан кейін суару жүйесі болады.Аптасына екі рет суару жұмыстары жүргізіледі».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать