Балқашта 300-ден аса бос жұмыс орны бар

Балқашта 300-ден аса бос жұмыс орны бар. Қаламызда көбіне қара жұмысшыларға, құрылысшыларға сұраныс артқан. Сондай-ақ слесарьлар, сылақшылар, монтажшылар мен әр түрлі санаттағы жүргізушілер қажет. Ал қаламыздың орталық ауруханасы акушер, инфекционист мамандарды жұмысқа қабылдайды. Патологиялық анатомия маманы мен балалар дәрігері де сұраныста. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы  бойынша қажетті маман иелерін жұмыспен қамту орталығының инстаграмдағы ресми  парақшасынан көріп-біле аласыздар.
@balqash_jumyspen_qamty

Жанбота Жанимхан – жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы:

 «Толық ақпаратты www.enbek.kz порталынан немесе Уәлиханов көшесі, 5 мекенжайында орналасқан жұмыспен қамту орталығынан біле аласыздар. Сондай-ақ біздің мамандарымызға  6-50-70, 8 700 7332301 номерларына хабарласу арқылы қажетті ақпараттарды ала аласыздар».

04.08.2020 ж бос жұмыс орындары
Қара жұмысшы — 80
Слесарь – 1
Кладчик – 4
Сылақшы — 4
Монтаждаушы — 5
Кафельші — 5
Тас қалаушы — 10
Жүргізуші — 5
Жүкті өзі түсіретін көлік жүргізушісі — 1
Тиегіш көлік жүргізушісі — 1
Акушер – 5
Дәрігер-инфекционист —
Патологиялық анатомия маманы — 1
Балалар дәрігері — 1
Медбике – 15

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login