Құрметті балқаштықтар

Құрметті балқаштықтар!
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен 5 шілде күні сағат 00.00-ден бастап облыс аумағында қатаң шектеу карантиндік шаралары енгізілді.

№1. Қала тұрғындары үшін:
Азаматтардың тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды сатып алу, жұмысқа шығу және банк операцияларын жасау, үй жануарларын серуендету мақсатында ғана шығуына рұқсат етіледі, басқа себептермен тұрғылықты мекенжайынан шығуы шектеледі;
Сауда орындарында , дәріханаларда және қоғамдық көліктерде, сондай-ақ жұмыс орындарында бір-бірінен кемінде екі метр арақашықтықты сақтау қажет;
Жабық үй-жайларда, көлікте болған уақытта міндетті түрде қорғаныш маскаларын кию қажет;
Отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан астам адамдардың жиналуына тыйым салынады;
Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынады;
65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына шектеу ұсынылады;
Ұжымдық, отбасылық, оның ішінде туған күндер, үйлену тойлары және еске алу іс-шараларына тыйым салынады;
Жерлеу іс-шараларын жүргізу барысында кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып, негізінен отбасы мүшелерінен тұратын 10-нан артық адамның жиналуына жол берілмейді;
Жеке автокөліктің барлық түрлеріне сағат 23.00-ден 05.00-ге дейінгі аралықта жүруіне тыйым салынады.
Санитарлық шараларды сақтай отырып, 5-тен артық емес адамдарға саяжай учаскелеріне шығуға рұқсат етіледі;
Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын немесе бір отбасы мүшелеріне баруына ғана рұқсат етіледі;
Ашық ауада жеке жаттығуларды өткізуге рұқсат етіледі;
Тұрғындарға кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтап, маскалар тағып және қол алысуды мүлде шектей отырып, серуендеуге рұқсат етіледі.
Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (түшкіру, жөтелу, температура) білінгенде, медициналық ұйымдарға бармастан, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмекті үйге шақыру қажет.

  1. Келесі нысандардың қызметіне тыйым салынады:
    Ойын — сауық орталықтары (караоке, компьютерлік клубтар, боулинг орталықтары, кинотеатрлар, кальянханалар, түнгі клубтар, бильярдханалар, аттракциондар, батуттар);
    Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің барлық түрлері, балалардың сауықтыру лагерьлері, балалар түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер;
    Банкет залдары;
    Косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар, сұлулық салондары, шаштараздар, спа-орталықтар;
    Спорт және жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, спорттық сауықтыру орталықтары;
    Бассейндер, моншалар, сауналар;
    Жабық азық-түлік және басқа да базарлар;
    Қалалық және қоғамдық жағажайлар;
    Барлық мәдениет объектілер мен өзге де бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылған нысандыр;
    Діни нысандар.

№3. Халыққа қызмет көрсету орталығы
Жексенбіден басқа күндері сағат 09.00-ден 14.00-ге дейінгі аралықта жұмыс істейді, алдын ала сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін 1414 Call-орталығының нөмірі бойынша немесе Eqov кz, жеделхат-бот Eqov KZ Bot 2,0 боттары арқылы кезекті алдын ала брондау қажет.

№4. Қоғамдық тамақтандыру объектілері, соның ішінде жазғы алаңдары барлар, (жеке кіретін және шығатын есігі жоқ , стационарлық емес қоғамдық тамақтандыру объектілерді (дүңгіршектерді, донерханаларды) қоспағанда
Сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін 30 адамға дейін келушілердің санын шектеумен және 2 метрден кем емес үстелдер арасындағы қашықтықты сақтау арқылы отырғызуды қамтамасыз ете отырып, жұмыс істейді. Отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

№5. Келесі нысадар өз қызметтерін жалғастырады:
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып: азық — түлік және басқа да дүкендер, дәріханалар, (ауданы 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендер жеткізу режімінде жұмыс істейді), екінші деңгейдегі банктер, қалалық пошталар, адвокаттық және нотариалдық кеңселер, ломбардтар, айырбастау пункттері, химиялық тазалау орындары, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу орындары, автокөлік дөңгелектерін жөндеу шеберханалары, қонақ үйлер, демалыс үйлері мен орындары .

Ақпарат ресми хабарлардың келіп түсуіне қарай жаңартылып отырады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login