Жалған ақпарат

Қаламыздағы сауда үйлері мен дүкендердің 3 күнге жабылуына байланысты тараған ақпаратты Балқаш қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жоққа шығарды. Естеріңізге салсақ, аталған сауда нүктелерінің жұмыс кестесі туралы жалған ақпарат ватсап мессенджерінде тарап кеткен. Аудио хабарламада белгісіз бір әйел 3 күнге азық-түлік сатып алуға кеңес берген.

Аудио: автор не известен

Сейчас будет готовиться постановление главного государственного санврача Беркенбаевой. С сегодняшнего дня и завтра могут быть большие очереди в магазине. Все магазины закроются на 2 дня.

Балқаш қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Лена Батанаева, бұл хабарламаның біздің қаламызға еш қатысы жоқ екенін түсіндірді. Сенбі және жексенбі күндері базар жабық болады. Ал сауда үйлері мен сауда орталықтары 13.00-ге дейін, қалған дүкендер 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Лена Батанаева, Балқаш қ. бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

«Құрметті балқаштықтар!  Қала тұрғындары арасында тарап кеткен аудиохабарламада, Беркенбаеваның қаулысына сәйкес, барлық сауда нысандары дезинфекциялық шараларға жабылады деп айтылған. Алайда, ол хабарламаның Балқаш қаласына қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Себебі, Беркенбаева Н.А. Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып саналады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login