Балқашта жүргізуші ер адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Балқашта жүргізуші  ер адамды  қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға 23 маусым күні кешкі сағат 21.00  шамасында Сейфуллин көшесі 36-үй маңында болған. Зардап шеккен ер адамның қабырғасы, жамбас буыны сынған. Жан сақтау бөлімінде болып, қазір жағдайы бірқалыпқа түскен. Александр отбасының жалғыз асыраушысы. Сондықтан, оқиға орнында көрген-білген жандар болса, куәгерлер көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласуларын сұраймыз:

8 747 150 7445,  87073053379,  87473757886

Олег Никитин – «К-9» іздестіру жасағының төрағасы:

«Ол көлікті байқамай қалған, дүкеннен қайтып келе жатқан кезде, үйдің бұрышына бұрылар сәтте басып кетті. Көліктің маркасын, түсін көріп үлгермеді. Қылмыстық іс қозғалды. Бірақ әзірге ештеңе белгісіз.  Түнгі уақытта болған соң, ешкім көрмеген. Куәгерлерден де сұрадық, ешкім білмейді. Әзірге көрген-білген адамдарды іздестіріп жатырмыз. Автоклубқа, кейін сол жерден өткен көліктердің  бейне тіркеушілерінен қарадық.  Балқаш қаласының тұрғындарынан кінәлі адамды табуға көмектесулерін сұраймыз. Адам қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login