Балқаштан өткен тәулікте COVID-19 індетін жұқтырған 10 жағдай тіркелді

Күні кеше шаһарымызда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 10 дерегі тіркелді. Бүгінгі соңғы мәліметтер бойынша Балқашта Covid-19 вирусы барлығы 78 адамнан анықталып отыр. Оның ішінде 7-еуі басқа қаладан келгендер. Қауіпті дертпен орталық ауруханада жатқандардың 8-і жансақтау бөлімінде ауыр халде, ал 3 адам өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосылған. Үй карантиніндегілердің саны 262-ге жетті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login