Балқаш қаласында 2020 жылдың 12 маусымында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелді

Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары!

Балқаш қаласында 2020 жылдың 12 маусымында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелді. Науқастар — қала тұрғындары, 1961, 1964, 1973 және 1990 жылдары туған 4 ер адам және 1970 мен 1979 жылдары туған 2 әйел адам. Жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен пневмонияның клиникалық белгілерінің болуына байланысты өздері медициналық көмекке жүгінген. Науқастардың үшеуі — Қазақмыс корпорациясының қызметкерлері, Жамбыл облысының «Шатыркөл» кенішінің вахта жұмысшылары,үшеуі — қалалық кәсіпорындардың  қызметкері. Науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды.Жақын байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Ошақтарда профилактикалық, эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде.

Балқаш қаласында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы юойыншақалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында  Балқаш қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 19-қ «Балқаш қаласының аумағында карантин және карантин шараларын одан әрі жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.:

  • 2020 жылдың 13 маусымның сағат 00.00 бастап:
  1. Құқық қорғау, арнайы қызметтер және медициналық мемлекеттік органдар және ұйымдарды қоспағанда жеке автокөлік құралдарының барлық түрлеріне сағат 23.00 бастап 05.00 дейінгі аралықта қозғалысына, тыйым салынады;
  2. Әкімшілік ғимараттарда, базарларда орналасқан және жеке кіру/шығуы жоқ, негізгі ғимараттың басқа үй-жайларынан оқшауланбаған, қоғамдық тамақтанудың стационарлық емес  (киоскілер, донер, саябақтардағы, гүлзарлардағы және т.б.) орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне тыйым салынады. Қоғамдық тамақтандыру орындарында жаппай (ұжымдық, естелік, салтанатты, отбасылық) іс-шараларға тыйым салынады.
  3. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстары сағат 10.00 бастап 17.00-ге дейін шектеледі.
  4. Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (орталықтарының) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00 бастап 21.00 дейін, демалыс күндері (сенбі және жексенбі) сағат 09.00 бастап 13.00 дейін шектеледі;
  5. Азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмыстары жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00 бастап 17.00 дейін шектей отырып, демалыс күндері (сенбі және жексенбі) санитарлық күн өткізу арқылы шектеледі;
  6. Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың және олардың филиалдарының, офистердің басшылары қызметшілерінің 70% кем емес бөлігі қашықтықтан жұмыс жасау режиміне көшіріледі.
  7. Қалаіші қоғамдық көлік жұмысы сағат 06.00 бастап сағат 10.00 дейін және сағат 17.00 бастап 21.00 дейін  шектеледі;

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерден саналық танытуды және сыртқы байланыстарды мүмкіндігінше болдырмауларыңызды сұраймын: адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыздар, ерекше қажетсіз далаға шықпаңыздар. Қала аумағындағы нысандарда, қоғамдық көліктерде, бетперде киіңіздер, қашықтықты сақтаңыздар!!! Үй карантиніңдегі қала тұрғындарыСіздер- көшеде жүру құқығынсыз оқшаулау режимін қатаң сақтауларыңыз қажет. Сіздер адамдарды жұқтыру қаупіне ұшыратасыздар.

Өзіңізді қорғаңыз, үйде қалыңыз!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login