Балқашта бірқатар нысандардың жұмысы қайта жанданады

Бүгіннен бастап спорт кешендері мен фитнес-клубтарының жұмысы жанданады. Тек ғимарат ішіндегі адам саны  30 –дан аспауы тиіс. Сондай-ақ, санитарлық талаптар ескерілуі керек.  Қаламызда, мектеп үйірмелері әлі де карантинде, десе де мектеп ғимратынан жеке тұрған балаларға арналған спорттық  жаттығу залдары жұмысын жалғастырады. Ал қалааралық жолдарға әлі де шектеу бар.

Лена Батанаева, Балқаш қаласының Бас санитар дәрігері
«Балқаш қаласындағы Автостанция жабық. Қала бойынша тасымалдау болмайды. Бізде тек «Қарағанды — Абай», «Қарағанды — Саран», «Қарағанды — Шахтинск», «Қарағанды — Шахан», «Қарағанды — Топар» және «Жезқазған — Сәтбаев»тасымалдары ғана ашылды. Әзірге біздің қаламыз бойынша автостанция мәселесі жабық.»

Бассейндердің жұмыс істеуіне әзірге  тыйым салынған.Көптен күткен балабақшалардың ашылуы 25 мамырға жоспарланып отыр. Балаларды қабылдаудың нақты мерзімі Қарағанды облысы бас дәрігерінің қаулысынан кейін белгілі болады. Вирустың таралу жағдайын ескере отырып, дәмхана, мейрамханалардың және демалыс орындарының ашылу уақыты айтылмай отыр.

Лена Батанаева, Балқаш қаласының Бас санитар дәрігері
«Тамақтану орындарына тоқтала кеткім келеді. Жиі қойылатын сұрақтар. Бүгінгі қаулыда ол жайлы ескертілмеген. Қарағанды облысының аумағында эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып,  әзірге қоғамдық тамақтану нысандарына босаңсу жоқ.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login