COVID-19-ға ақылы тексерілу жүргізілуде

755 балқаштық тегін түрде коронавирусқа тестілеуден өтті. Олар жүктілігі 38 аптадан асқан әйелдер, 1-ші сәуірден бастап босанған аналар, карантинде отырғандар, созылмалы тыныс алу жолы ауруы бар тұрғындар. Диагностикалау мұрын қуысынан жұғынды алу арқылы жүзеге асады. Осыған дейін коронавируске тестілеу ақылы түрде де өтетіні айтылған еді. Апта басынан бастап қаламыздағы №1 емхана жанында жұмыс істеп жатқан лаборатория ақылы тестілеуді бастады. COVID-19-ға тексерілу құны 16 мыңның көлемінде. Ол үшін Сейфуллин көшесі 40 мекенжайында орналасқан консультациялық-диагностикалық орталыққа бару қажет. Сынама алу таңертеңгі 8-ден кешкі 17.00-ге дейін жүргізіледі.

Виталий Омаров — №1 емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі

«COVID-19-ға ақылы түрде тексеруден өту кез келген тұрғынның еркінде. Яғни, вахталық жұмыс жасайтындар жұмыс орнының талап етуіне орай өте алады. Қызмет ақысын емхана кассасында төлейсіздер. Сараптама нәтижесі 2-ден 7 тәулік ішінде электронды түрде келеді. Сондай-ақ қолға да береміз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login