Карантин тәртібіне бағынбаған 18 кәсіпкер жазаланды

18 балқаштық кәсіпкер карантин тәртібіне бағынбағаны үшін жазаланды. Тіпті қамауға алынғаны да бар. Әкімшілік хаттаманың дені, әсіресе карантин талаптарына  бағынбай, қызметін жалғастырған кәсіпкерлерге толтырылды. Ал бетпердесіз, антисептиксіз халыққа қызмет көрсетіп, санитар дәрігерлердің назарына іліккен  кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Олардың әрбіреуі мемлекетке 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.  Бұл сома  400 мың теңгеден асады. Карантин режимін бұзған тағы үш азаматтың үшеуі бір күнге, екеуі 7 тәулікке қамауға алынды. Тағы бір іс соттың қарауында жатыр.

Лена Батанаева, Балқаш қаласының  Бас санитар дәрігері

«Қаламызда қызметі жалғасқан барлық нысандар жұмыс уақытында тексеріледі, және  назарымызда болады.  Қандай да бір  қателіктер болып жатса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login