Балқашта пәтердегі өрттен бір адам көз жұмды

Өткен жексенбіде, қаламыздағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан бір адам көз жұмды. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сүйенсек,кезекшілікке 2 мамыр күні сағат 21.15-те өрт шыққаны туралы хабар түседі. Қызыл жалын Ленин көшесіндегі  21- үйдегі пәтерден шыққан. Жалпы аумағы 16 шаршы метр болатын, екі бөлмелі пәтер 5-ші қабата болған. Жоғарғы бөлікті шарпыған тілсіз жау, 1964 жылы туған ер азаматты ажал құштырды. Мамандар өрттің шығу себебін, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін деп топшылауда. Улы газдан қаза тапқан азамат бұл пәтерде жалғыз тұрған деседі, бүгінде отбасылық жағдайы анықталу үстінде.

Олег Грабовский – Балқаш қ. ТЖБ бас маманы

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына лезде жетті. 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Бөлме ішіндегі жиһаздар толығымен жанып кетті. Өкінішке орай, 55-тен асқан ер адам иістен уланып көз жұмды. Басқа ешқандай тұрғын зардап шекпеді, көршілері өз күштерімен сыртқа эвакуацияланған. Өртке қатысты тергеу амалдары жалғасуда».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login