Балқаштықтардың зәресін алған дыбыс

Кешкі сағат 5-тің шамасында дәл төбемізден ұшақ ұшқандай дыбыс естілді. Қаланың барлық аумағына жеткен тоқтаусыз гүріл барлығы 10 минутқа созылды. Бұған алаңдаушылық білдірген балқаштықтардың ойлары сан-саққа кетті.

Бұл дыбыстар жылу электр орталығынан шыққан. Турбиналарда штаттан тыс жайт болып, сақтандырғыштар іске қосылыпты. Қазіргі таңда барлық ақаулар жойылды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login