Балқаш қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары белгіленді

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай қолданылатын кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нашекті бөлшек сауда бағалары белгіленді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 63-НҚ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 23 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» бірлескен бұйрығымен, Қазақстан Республикасы халқының үздіксіз тыныс-тіршілігін және экономикасын қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік тауарларға шекті бағалар белгіленді.

Азық-түлік тауарларына шекті бөлшек бағалар* қалалар мен аудандар бөлінісінде анықталды.

Сіздердің назарларыңызға, Балқаш қаласы бойынша 9 позициядағы өнімдердің бағасын ұсынамыз:

Әлеуметтікмаңызыбаразық-түліктауарыныңатауыШектібаға, теңге*
1.Бірінші сортты бидай ұны, килограмм140
2.Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм160
3.Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм215
4.Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм320
5.Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм297
6.Сиыр еті (сүйекті жауырын-төсбөлігі), килограмм1898
7.Тауық жұмыртқасы (I санатты), ондық310
8.Күнбағыс майы, килограмм395
9.Ac тұзы («Экстра»-дан басқа), килограмм55

      * Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 26 наурыздағы № 6 отырысының хаттамасына сәйкес мақұлданды

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login