Балқаш қаласында жүргізілген дезинфекциялық шаралар

Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында 27 наурыз бен 13 сәуір аралығында 114 объекті арнайы зарарсыздандырғыш заттармен өңделген. Ол нысандар: темір жол вокзалы, автостанция, базар, «Балқаш» және «Восток» сауда үйлері, қалалық әкімдік, «Қазпошта» ғимараты, ХҚКО, «Нұр-Отан» ғимараты, алғашқы құрылысшылар саябағы, Жидебай батыр ықшам ауданы, тәуелсіздік алаңы, Қазбекова, Томпиева, Жезқазған және Қараменде би, ВЛКСМ саябағы, Балқаш-1 станциясындағы теміржол вокзалы, Балқаш-1 станциясының аула аумақтары, қалалық прокуратура және 63 аялдамалық павильон.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login