Елді дүрліктірген жалған ақпарат

Елді дүрліктіріп, «Коронавирус жұқтырған әйел Қарағандыдан Балқашқа жолға шықты» деген ақпарат жалған болып шықты. WhatsApp желісінде Қарағандыдағы Norman супермаркетінің бірнеше кассирінен осы індет расталды деген ақпарат тарай бастаған. Хабарлама авторы оның бірінің ешқандай кедергісіз Балқашқа жол тартқанын мәлімдеген еді. Кейінірек қала әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Қазіргі уақытта супермаркет басшылығы құқық қорғау органдарына жалған ақпарат тарату фактісі жөнінде арыз жазуда. Қарағанды облысының полицияДепартаментіазаматтарға әлеуметтік желілердегі қисынсыз сыбыстар мен жорамалдарға сене бермеуге шақырады. Мемлекеттік органдардың ресми мәліметіне ғана құлақ түруге кеңес беруде. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары тұрғындарға тағы да ескертеді. Жалған ақпарат тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login