Дүкенге кірер алдында бетперде кию қажет пе?

Балқаш қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, азаматтардың нысандарға бетпердесіз кіріп-шығуына тыйым салынған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дені сау адамдарға бетперде кию міндетті емес екенін ескертеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми өкілінің айтуынша, медициналық бетперде коронавирус болсын, басқа да инфекциялық аурулардың жұқпауына толықтай кепіл бола алмайды. Қорғаныш құралын ауру белгілері бар немесе үйде науқас адамдарды күтетін, яғни ауру жұқтырып алу қаупі бара адамдар тақса жеткілікті.

ДДҰ-ның мамандары медициналық маскаларды қалай дұрыс киіп, кәдеге жарату жолдарын айтуда:
масканы киер алдында қолды сабындап жуу керек немесе құрамында спирт бар затпен қолды өңдеу қажет;
маска мұрынды және ауызды жауып тұруы тиіс және саңылаусыз болғаны жөн;
масканы пайдалану кезінде оны қолмен ұстамаған жөн, ұстаған жағдайда қолды антисептикпен өңдеп, болмаса сабындап жуу қажет;
медициналық бетперде дымқыл тартқанда оны жаңасына ауыстыру қажет, бір рет қолданылатын маскаларды қайтадан пайдалануға болмайды;
медициналық масканы шешерде, артқы жағындағы жібінен ұстау арқылы шешу қажет. Масканың алдыңғы бөлігін ұстамаған жөн. Медициналық бетпердені шешкен бетте, беті жабылатын қоқыс контейнеріне тастау қажет. Артынша қолды жуу қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login