Балқаш әкімшілік соты қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті

Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары!!!
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Мемлекет басшысымен COVID-19 жаңа коронавирус пандемиясынан Республикада төтенше жағдайы енгізілуіне байланысты, келушілердің арасында коронавирустың таралуын алдын алу үшін байланыстарды жою мақсатында, қауіпсіздікті және карантин шараларын сақтау үшін дистанциялық режимге өтеді.
Қағаздық құжат айналымын азайту мақсатында халыққа келесіні ұсынамыз:
арыздарды, шағымдарды жəне басқа құжаттарды сот кабинеті арқылы жолдау.
Барлық сот процестері Online арқылы, дистанциялық жолымен IT-технологияларды қолданумен өткізу (БКБ, соның ішінде «TrueConf», «Zoom», «WhatsApp» және т.б. мобильды қосымшалар арқылы).
Балқаш қаласының тұрғындарынан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Ең маңызды құндылық – адаманың өмірі мен денсаулығы.
Аталған шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығына деген қауіпті азайтуға бағытталған. Осындай шаралар әлемнің көптеген елдерінде қолданылады.
Төтенше жағдайдың аяқталуына дейін азаматтарды қабылдау тоқтатылған.
Үйде отырыңыздар, соттасатын уақыт емес.
Туындаған барлық мəселелерді шешу қажет болса келесі 8/710-36/6-50-30, 4-03-36 телефондарына хабарласыңыз.

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login