Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша күнделікті мәлімет

2020 жыл 30 наурыздағы мониторинг бойынша Балқашқа Алматыдан кірер жолдағы санитарлық посттан 1367 автокөлік құралы тексерілді. Оның 10-ы шетел көлігі. 1510 адам тексерілді. Дене қызуы бар адамдар анықталмады. 52 адамға сауалнама жүргізілді.

Мобильдік топ 30 наурыз күні сағат 22.00-ден 01.00-ге дейін төтенше жағдай режимінің сақталуын тексеру үшін, 4 қоғамдық тамақтану нысандарына, 21 және 17 кварталдағы азық-түлік дүкендеріне рейдке шықты. Рейд барысында тәртіп бұзушылық анықталған жоқ.

30 наурыз күні сағат 11:02 кезінде жергілікті полиция қызметінің тексеруі барысында Балқаш қ., 10 ш.а. 14, мекен-жайы бойынша орналасқан «Еділ» дүкенінде кемшіліктер анықталған. Сатушы жұмыс орнында медициналық қолғапсыз болған. Дүкен иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Істі Балқаш қ. арнайы мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберу жоспарлануда.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login