Аз қамтылған отбасыларға арнайы қолдан маскалар дайындалуда

Шаһарымызда аз қамтылған және көп балалы отбасыларға маскалар қолдан жасалып, таратылуда. Бүгін, 2020 жылдың 24 наурызында білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне 12 мың метр дәке таратылды. Мәселен, 16 мектепке 600 метрден болса, ал мектепке дейінгі 13 мекемеге 100 метрден берілді. Сондай-ақ, олар масканы тігуге қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда қаламыздағы 250-ден астам мұғалім мен балқаштың барлық еріктілері қолдан маскалар тігіп жатыр. Оларды ертең сағат 16:00-де маскаларды қабылдау пунктіне тапсыруды жоспарлап отыр. Айта кету керек, ертең 25 наурыз күні қаламыздағы әлеуметтік дәріханаларға 4000 медициналық маска әкелінеді. Оларды Сейфуллин 40, №1 емхана мен Сәбитова көшесі 24 а мекен жайларындағы №2 емханадан сатып алуға болады. Бұдан бөлек, бүгін №2 емханаға 500 литр антисептик әкелінді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login