Шаһарымызда шахматтан қалалық чемпионат өтуде

Балқашта үздік шахматшы анықталуда. Жарысқа әртүрлі жастағы 30-ға жуық адам қатысуда.

Жарысқа қатысушылар арасында Гүлжанат Нұрғазы бар. Небәрі 11 жастағы шахматшы №2 лицейдің оқушысы. Спорттың бұл түрімен айналысқанына 6 жыл болған. Биылғы жылы ол қалалық жарысқа үшінші рет қатысып отыр.

Финалдық кезеңге 9 ер азамат пен 6 нәзік жанды шықты. Жарыста тарихта болмаған оқиға орын алды. Нұрғазы Гүлжанат 5 ойын нәтижесі бойынша 5 бал жинап, жарыс үздігі атанды. Демалыс күндері қалған жеңімпаздардың есімі белгілі болмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login