Балқаштық имамдар мейрамдар мен еске алу астарына шектеу қоюда

Ал, індеттен сақтық шарасы үшін жергілікті тұрғындар жұма намазын толық оқи ала ма? Бұл сауалдардың жауабын қалалық мешіттің қызметкерлері айтып берді.

Рауан Айтқазин – қалалық мешіттің наиб имамы:

«Құрметті балқаштықтар! Қазіргі таңда әлем бойынша коронавирустың тез таралып, көбейіп жатуына байланысты елімізде сақтық шаралары жүріп жатыр. Біздер өзіміздің ұжымымызға, туған-туысқандарымызға жауапты болғандықтан, қазіргі таңда көпшілік жиналған жерлерге бармауларыңызды сұраймыз. Соның ішінде көбінесе ас беріліп жатады. Осы қырқы, жылы деген секілді астардың уақытын жылжытуды сұраймыз.
Жұма намазында келесі аптадан бастап, намаз алдындағы жарты сағаттық уағыз айтылмайды. Азан шақырылып, хұтпа қысқа оқылады және де қысқа аяттар оқылады. Намаз осылай тез аяқталады. Сүннет намаздарын үйлеріңізде оқыған абзалырақ болады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login