Балқаш жаңалықтары 27.02.2020

  1. Балқашта ыстық су тарифін қымбаттатуға мәжбүр. Бұл туралы қала әкімі О.К. Таурбековтың төрағалығымен қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес өкілдері және ардагерлерімен өткен кездесуде хабарлады.«Су Жылу Транс» КММ директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары тарифтің көтерілуі туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, «Су Жылу Транс Транс» КММ үшін, Балқаш ЖЭО тарапынан химиялық тазартылған суға тарифтің көтерілуі себеп болған. Өздеріңіз білетіндей 2019 жылдың тамыз айынан бастап 2020 жылдың ақпанына дейін Балқаш қаласының әкімдігі мен «Су Жылу Транс» КММ «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-мен мәселені реттеу үшін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментін тартумен шаралар қабылдады.  Сонымен қатар, осы мерзім аралығында «Су Жылу Транс» КММ шығындары 120 миллионнан астам теңгені құрады. Наурыз айынан бастап есептегіш көрсеткіші арқылы есептесетін балқаштықтар үшін, енді химиялық тазартылған судың 1 текше метрі 146 теңге 16 тиын болмақ. Ал, бұрындары  129 тг 57 тиын болатын. Су Жылу Транс мекемесі тариф құнының көтерілуін Балқаш ЖЭО өз қызмет құнын қымбаттатуымен түсіндіріп отыр. Есептегіш құралынсыз ыстық су ақысын төлейтін тұрғындар үшін, тариф құны еш өзгеріссіз қала бермек
  2. Балқашта қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мәселесі талқыланды. Әкімдікте қала басшысының қатысуымен тасымалдаушылармен және қоғам өкілдерімен кездесу өтті.Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының ақпараты бойынша, қалалық тасымалдаулар 4 кәсіпкердің жұмысымен жүзеге асырылады. Автопарктерде сыйымдылығы әртүрлі 60 автобус бар. Қоғамдық көліктер 14 қалалық және қала маңындағы маршруттарда қызмет көрсетеді. Тариф қала бойынша 60 теңгені құраса, қала маңындағы қатынас – 70 теңге. Жыл басында мамандар тасымалдаушылардың талаптарды сақтауын бақылау үшін маршруттарға мониторинг жүргізді. Жиында қалалық автобустардың қызмет көрсету сапасын арттыру, «қарбалас сағаттарында» маршруттар аралығын азайту, «Самал» шағын ауданына дейінгі маршруттың сызбасын өзгерту және т.б. мәселелер көтерілді. Кездесу соңында қала басшысы қосымша мониторинг жүргізіп, маршрут сызбасын өзгерту бойынша тұрғындардың ұсыныстарын қабылдауды тапсырды
  3. Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдары мен қаржы нарығын қадағалайтын және мониторингтейтін мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізді. Жиында ел азаматтарына айтарлықтай материалдық шығын келтірген қаржы-несие ұйымдарының заңсыз қызметіне тосқауыл қоюға байланысты мәселе қарастырылды.  Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда наразылық тудырған жағдайды егжей-тегжейлі тексеруді, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауды және кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы болашақта мұндай жағдайға жол бермеу керектігін және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Президент Үкіметке Қазақстанның заңнамаларын ескере отырып, аталған проблеманы шешу нұсқаларын әзірлеу жөнінде тапсырма берді
  4. Дәмді мереке. Осы аптада масленица өз жалғасын табуда, бүгін оның 4-ші күні. Қысты шығарып салу мейрамы – ең қуанышты және жарқын мереке. Бұл мейрамның ең бір басты нышаны – ол дәмді құймақтар. Лидия Степановна жыл сайын масленицаға ерекше дайындалады. Дастархан жайып, қонақ күтеді. Зейнеткердің айтуынша құймақ әзірлеу қиын іс емес. Дәмді құймақ үшін ұн, май, сүт немесе айран және аздаған қант пен тұз болса жеткілікті. Қамырымыз дайын болғанша, табаны қыздыра береміз. Құймақтың  біртегіс, жақсы пісуі үшін табаның тек жылы ғана болмай, қызғаны жақсы. Тағам осылайша оңай әрі тез піседі. Егер құймақтың аударылуы қиынға соғып, дұрыс піспесе онда ұн жетіспейді деген сөз. Жетіспеген ингредиентті қосу арқылы жағдайды түзейміз. Құймақты ұсыну әдістері де түрліше. Ішіне ет немесе ірімшік салсаңыз болады. Классикалық түрде сары май жағып, қаймақпен жей беруге болады. Тосаппен немесе жаныңыз қалаған аспен тұтынсаңыз болады
  5. 1 наурыз елімізде – Алғыс айту күні. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Осыған орай Өркен медиа арнасының ұжымы әр көрерменіне ілтипатын білдіріп, бізбен бірге болғандарыңыз үшін рахметін айтады. Бүгін біздің түсірілім тобы балқаштықтардың жүрекжарды сөзін тыңдап келді. Олар кімге, не үшін алғысын білдіреді? Сауалнама айдары

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login