Балқаш жаңалықтары 20.02.2020

  1. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек халық алдында есеп берді. Кездесу онлайн режимде тікелей эфирден көрсетілді. Облыстың өткен жылғы даму қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы бөлісті.Өз есебінде облыс басшысы қолжетімді, сапалы үйлер салуға басты басымдық берді. Өңірде 1800 көп балалы отбасы пәтер алу кезегінде тұр. Жергілікті билік алдағы екі жылда олардың барлығын баспанамен қамтымақ. Ал биылғы жылы «Қарағанды-Балқаш» жолында 4 жолақ бойынша қозғалыс іске қосылмақ. Баяндамадан кейін облыс әкімі аудиторияның сұрақтарына жауап берді. Залдан 75 сұрақ келіп түсті. Сауалдардың тақырыбы: абаттандыру, көлік жұмысы, экология, медициналық қызмет көрсету, жол жағдайы және  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері туралы болды. Телефон желісіне өңір тұрғындарынан 11 сұрақ келіп түсті. Ал баяндамадағы ең бір жағымды жаңалық мынау болды. Қарағанды облысының мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандырмақ
  2. Балқашта 2019 жылы 40 өрт оқиғасы орын алды. Тілсіз жаудың көпшілігі жылу беру маусымы кезінде жеке меншік секторларда болғаны анықталды. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында құтқарушылар тұрғындарға түсіндіру шараларын жүргізуде.Балқаштықтар отты пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзған. Соның салдарынан 20-дан астам өрт оқиғасы жеке меншік секторларда пеш жылыту кезінде орын алған. Бұдан бөлек, көпқабатты үйлердегі  18 пәтерде тұтану байқалған.  Электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалану ережелерін бұзу, отты абайсыз қолдану, және тағы 1 өрт  қою оқиғасы тіркелді. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
  3. Республиканың бірқатар облыстарында ауа райы күрт өзгерген. Бірнеше бағыттар бойынша тас жолдары жабылды. Алайда синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері Балқашта күн жылиды. Мамандардың болжамынша ертең  ауа райы 0 градустан +2 градусқа дейін жоғарылайды. Ал демалыс күндері оңтүстіктен келетін циклонға байланысты аралас жауын-шашын  орын алады. 23 ақпан күні түнде жел күшейетін болады деп күтіледі
  4. Балқашта үздік әншілер мен жүргізушілер анықталды. Мәдениет сарайында «Жас қанат» дарындылар конкурсы өтті.Сахнаға 11 әртіс шығып, өзара бақ сынады. Олардың ішінде 10 әнші вокалдық шеберліктерін ортаға салды. Сайысқа қатысушылардың әрқайсысы екі әннен орындады. Олар алдымен Абай Құнанбаевтың, Шәмші Қалдаяқовтың немесе әскери әндер орындаса, екінші кезеңде шет тілінде шырқады. Конкурс нәтижесі бойынша бас жүлдеге Диас Қыдыргелді ие болды. Ал 1 орынға Батима Сейлхан мен Арманай Болатхан лайық деп танылды. 2-ші орынға Диана Саменова ие болса, 3-ші орынды Айжан Срайлы жеңіп алды. Ендігі кезекте жеңімпаздар қала намысын облыстық кезеңде қорғамақ
  5. Балқаш қаласында тұнғыш рет Республикалық «WorldSkills Kazakhmys 2020» корпоративтік кәсіби шеберлік чемпионаты өтуде. Студеттер мен жас мамандар төрт құзыреттілік бойынша бәсекеге түсу арқылы өз шеберліктерін жетілдіреді.«WorldSkills Kazakhmys 2020» «Дәнекерлеу ісі», «Электромонтаж», «Слесарлық іс» және «Графикалық дизайн» құзыреттілігімен өтуде.   Жарыстың ашылу салтанаты М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында өтті. Политехникалық колледж студенттері музыкалық номер көрсетті.  Шараға құрметті қонақтар шақырылған. Қонақтар бірлесіп мінбедегі батырманы басу арқылы шараға салтанатты түрде старт берді. Одан соң қатысушылар ант беру рәсімін өткізді. Жиналғандар қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл байқау екі күнге созылады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login