Халықаралық әйелдер күніне орай шаһарымызда байқау өтеді

Көпбалалы, 45 жасқа дейінгі аналардың назарына! Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай шаһарымызда байқау өтеді. Қатысамын десеңіздер сұраныстар наурыздың 3-іне дейін қабылданады. «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» конкурсы бірнеше кезеңнен тұрады. Таныстыру, одан соң үй тапсырмасы әр ана өз қолымен әзірлеген қолөнер бұйымы немесе тағам түрін әкеледі. Отбасы тақырыбына қатысты сұрақтар да қойылады. Соңғы кезең шығармашылық болмақ. Конкурс жеңімпаздары дипломдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

«Ана деген теңдесі жоқ ұлылық»  атты  көп балалы  аналар арасында  өткізілетін байқау ережесі:

—        Байқауға  45 жасқа  дейінгі аналар қатыса алады;

—        4 баладан кем болмауы тиіс;

—        Кез-келген ұлттың өкілдері

Байқаудың  шарттары:

—        Таныстыру кезеңі;

—        Қолөнер бұйымы немесе кондитерлік өнім, тағам түрін әзірлеп әкелу;

—        Сұрақ-жауап кезеңі;

—        Шығармашылық кезең

Өтініштер  3 наурызға дейін  мәдени-сауық орталығында  қабылданады. Байланыс телефоны: 8 776 503 58 88; эл.пошта kdtsbalkhash@bk.ru

Айдана Сайлау — мәдени-сауық орталығының әдіскері: «Шығармашылық байқау бойынша мерейтойлар бар ғой өзіміздің арнаулы, соларда,  Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқуға болады. Немесе Ескендір Хасанғалиевтің, Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындауға болады. Сұраныс хат бойынша Хамзин атындағы мәдениет сарайының 3 этаж 14 кабинетке келіп, тапсыруға болады немесе ережеде көрсетілген электрондық почта арқылы жіберуге болады. Құрметті аналар, байқауымызға келіңіздер, қатысыңыздар, мәдени шараларымызға атсалысыңыздар»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login