Балқаш жаңалықтары 11.02.2020

  1. Балқашқа маңындағы жазық даланы,кәріз жүйесінің ағындысы басуда. Мүңкіген қоңсы иісі өз алдына, тұрғындар жарылған құбырдан аққан лас су көлді былғамаса деп дабыл қағуда. «БалқашСу» мекесі болса құбырдың жарылғанын растап отыр. Белгілі болғандай, қаладан 17 шақырым жердегі коллектордан ақау шыққан. Нәтижесінде кәріздің лас суы жиналған. «БалқашСу» басшылығының айтуынша аталмыш учаскіге қаңтар айында профилактикалық жұмыстар жасалған. Ал кәріздің жарылуына бір ыстық, бір суық ауа температурасына шыдамаған тозған құбыр себеп. Коммуналшылар апатты учаскелерді анықтаған жағдайда 5-10-45, 4-16-65 нөмерлеріне хабарласуларыңызды сұрайды
  2. Балқашта талдарды кесу мерзімі жалғасуда. Қазір ағаштар ұйқы құшағында. Қураған бұтақтарын кесу, балауса бұтақтардың өсіп шығуына жол береді.«Балқаш Универсал» мекемесінің қызметкерлері Сейфуллин көшесі 16 үйдің ауласында жұмыс жасауда. Өсімдік тіршілігін ұзарту мақсатында мамандар 2 жарым 3 метр жоғарғы биіктіктен бұталарды кесуде. Ағаштарды кесу тұрғындардың өтініші бойынша жүзеге асады. Ол үшін көпқабатты үйдегі адамдардың келісімі керек. Бірауыздан келіскен соң, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына өтініш жазады. Мамандар мекен-жай бойынша тексеріп, мақұлдаса пәтер иелерінің коперативі өз ісіне көшеді
  3. Балқаштық кәсіпкерлер қайтарымсыз грант ұтып алды. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы бойынша бірнеше адам қайтарымсыз қаржыға ие болды. Грант иелерінің бірі жиһаз цехын, енді бірі тігін шеберханасы жұмысын одан әрі дамытпақ.Грантқа қазір жұмыс істеп жүрген 15 балқаштық кәсіпкерлер өз жобаларын ұсынған. Оның 4-еуі өз қызметін кеңейтуге мүмкіндік алды. Балқаштықтар ұтып алған жалпы грант көлемі 7 жарым млн-нан асады.  2-еуі тігін шеберханасының иесі, 1-еуі жиһаз жасаушы. Тағы бір грант иегері брусчатка төсеуші. Қаржы қайтарымсыз. Жобаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алды
  4. Қаймақ, қатық, сүзбе, құрт, ірімшік. Қазақтың сүттен жасалатын тағамдарын тізе берсеңіз жетерлік. Балқашта алғыс айту күніне орай қала кәсіпкерлері мен тұрғындар арасында ұлттық ақ тағамдар байқауы өтеді.Байқауға қаланың тойхана, кафе және басқа да ұлттық тағамдарды әзірлейтін кәсіпкерлері қатыса алады. Қатысушылар ұлттық ақ тағамдарды әзірлейді және қазылар алқасына дәм татқызады. Дәмді дастархан сайысы 1 наурыз алғыс айту күніне орай, 28 ақпан күні М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында өтеді. Байқауға қатысушылардан өтініштер 20-шы ақпанға дейін қабылданады. Қаймағы мен құртының, айраны мен ірімшігінің дәмі тіл үйіргендер дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады
  5. Оқушылар сарайының бишілері халықаралық  конкурста бас жүлдеге ие болды. Музыкалық сайыс Алматы қаласында өтті.Байқауға Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Көкшетау, Қызылорда және Алматы қалаларынан бас аяғы 500-ге жуық өнерпаз қатысқан. Балқаш намысын 6 бишіден құралған «Аяла» хореографиялық ансамблі қорғады. 13 пен 16 жас аралығындағы балғындар 4 номинация бойынша өнер көрсеткен. Бишілердің «Аққу қыздар» биі бас жүлдеге лайық деп танылған. Одан бөлек тағы 3 би түрі бойынша 1 орын иеленген. Олар: америкалық би, жеке және дуэттік көрсеткен нөмерлері

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login