Балқаштық еріктілер қайырымдылық акцияларын өткізуде

Балқаштық белсенділер еріктілер жылының құрметіне орай қайырымдылық акциялары мен марафондар өткізіп жатыр. Қала жастары қарттар мен көмекке зәру жандарға қол ұштарын созуда. Қайырымдылық марафонын алғашқылардың бірі болып Оқушылар сарайының «One power» еріктілер клубы бастады. Қаланың қамқор тұрғындарының арқасында жастар бірнеше мұқтаж отбасыларды киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етті. Олар «Мейірімділік керуені» эстафетасын «Жас Орда» еріктілер орталығына табыстады. Апта сайын №2 лицейдің «Мейірім» клубының мүшелері соғыс ардагерлерінің ауласын қардан тазартып, отын жағып, үй жұмыстарына көмектеседі.

Бота Марат – ерікті: «Болашақта біз тағы да көптеген тренингтер, конкурстар, акциялар өткіземіз. Адам және жануар бірлестік қоғамында  біз тренингтер өткіземіз. Үй жануарларына көрсетілетін көптеген жағдайлар және де оларға күтім сол бойынша біз ісшара өткіземіз»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login