«Ізбасар» көркемсөз оқу үйірмесі балқаштықтарды шақырады

Қалалық мәдени-сауық орталығы жанынан тегін үйірме ашылды. Үйірмеге өлеңсүйгіш оқушылар мен студенттер шақырылады. Көркемсөзге жас ерекшелігі 14 жастан жоғары 20-дан астам жасөспірімдер мен жастар қабылданбақ. Үйірме аптасына 2 рет өткізіледі, сейсенбі және бейсенбі күндері. Тілге шешен, өлең оқуға икемі бар, ақын шығармаларын сезініп, түсініп оқитын балқаштықтар үшін «Ізбасардың» есігі айқара ашық. Тәлім алу тегін түрде жүргізілмек. Үйірме жұмысы 1 ақпаннан бастап өз бастауын алмақ.

Айгерім Қызданова – көркемсөз үйірмесінің жетекшісі: «Еркіндік пен дарынды талап ететін үйірме болады. Қатысушылардың әдеби мұраға деген талғамын тәрбиелейді, ұлттық сана сезімін дамытуға көп ықпал ететін болады. Сондай-ақ біз үйірмеге тілге шешен, өз ойын ашық білдіретін, әдеби көркем тілде сөйлейтін, өлең оқуға икемі бар жастар мен жасөспірімдерді жазылуға шақырамыз»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login