Балқаштық тігінші өз кәсібін кеңейтті

Үміт Бабағалиева осыдан 10 жыл бұрын үйде тігін ісімен айналысуды бастаған.  Ал 2019 жылы «Бастау бизнес» мемлекеттік жобасы аясында грант ұтып алып, шағын ателье ашты. Бүгінде оның ісі өрге домалап, кәсібін кеңейткен. Енді балқаштықтардың тапсырыстарын Үміт Бабағалиевамен қатар, тағы екі тігінші қабылдамақ.

Үміт Бабағалиева кәсіпкер: «Бүгінгі күні менің арманым орындалды деймін. Өйткені мен осындай ғимаратта үлкейіп, 3-4 орын, тігін орны ашылып, үлкен заказдар жасауға бел буып отырмын. Барша осы Балқаш қаласының халқын шақырамын. Біздің жиі клиеттері болуын тілеймін

Бұл жерден түрлі нақыштағы ұлттық киімдерді көруге болады. Тіпті тастармен безендірілген сәукеле де, тойбастарға арналған қоржындар да, күнделікті киіуге арналған көйлектер де бар. 3 күннің ішінде кез  келген адамның ойындағы киімін де, күрткені де дайындап бере аламыз дейді кәсіпкер. Ал қалпына келтіру жұмыстарына небәрі 1 сағат уақыт кетеді.

Үміт Бабағалиева кәсіпкер: «Бала киімінен бастап, тон киімдерге дейін барлығын тігеміз. 2 техника алдым. Және де балалардың киімін тігуге арналған маникен алдым. Трансформер. Ол маникен баланың 2-3 рет келуін қажет етпейді. Маникенге сол баланың өлшемі қойылып, балаға киімнің дәл болуына қамтамасыз етеді

Жаңа ателье «Ақ сораң» сауда орталығында ашылды. Балқаштықтар үшін тігіншілер күнде таңертеңгі 10-нан кешкі сағат 7-ге дейін үзіліссіз, әрі демалыссыз жұмыс істейтін болады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login